Аягөзде көпір құлап, үш адам суға кетті
Құтқарушылар екеуінің денесін лезде тапқанымен, үшіншісін күні бойы іздеді

Абай облысында аспалы көпір опырылып, үш адам суға кетті. Құтқарушылар екеуінің денесін лезде тапқанымен, үшіншісін күні бойы іздеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Аякөз ауданында болды. Үш адам арнасынан асып жатқан Қаракөл өзенінен өтпек болған. Сол сәтте көпір опырылып, үшеуі де суға кеткен.
Қазір үш малшының да денесі судан шығарылды. Құтқарушылар екеуінің мүрдесін лезде тапқанымен, 58 жастағы азаматты тәуілік бойы іздеді. Себебі көтеріліп кеткен су іздеу-құтқару жұмыстарына кесірін тигізген. Десе де құтқарушылар, жергілікті еріктілер мен сүңгуірлер марқұмның денесін оқиға орнынан екі шақырым жерден алып шықты.
Фото: Видеодан алынған кадр