Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

«ВАЗ-2110» және «Лада Приора» автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан

Malim Админ

  • 23.12.2024

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 желтоқсан күні Чапаев-Жаңақала жолында болды. 

«ВАЗ-2110» және «Лада Приора» автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Салдарынан «ВАЗ-2110» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Сондай-ақ «ВАЗ-2110» автокөлігінде отырған тағы 2 адам және «Лада Приорадағы» 2 жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін Жаңақала ауданында соңы өліммен аяқталған тағы бір жол-көлік оқиғасы болған еді. 7 желтоқсан күні кешкісін Жаңақала ауылында жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігімен белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олардың біреуі қайтыс болса, екіншісі ауруханаға жатқызылды.

Аталмыш аудан тұрғындары соңғы кезде жол апаттарының жиілеп кеткеніне алаңдаушылық танытып отыр.

Фото: qazaqstan.tv

 

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады