Дәрігер қателігі. Қарағандыда 13 жастағы бала көз жұмды

Заң бұзған дәрігер тергеліп жатыр

Malim Админ

  • 29.01.2025

Қарағандыда 13 жастағы жасөспірім кенеттен көз жұмды. Бір аптаға жуық баланың ыстығы көтеріліп, белгісіз дерттен мазасы қашқан, деп хабарлайды Malim.kz.


Әлеуметтік желілерде жасөспірімнің анасынан түскен хабарлама жарияланды.

Оның айтуынша, баласы ауырған бетте 21-22 қаңтарда учаскелік дәрігерге жүгінген. Фельдшер баланы қарап шығып, оған суық тиіп, тамағы қызарды деген қорытындыға келген.

Анасы аптаның аяғына дейін дәрігерлердің ұйғарымы бойынша ұлын емдеп, қызуын түсірген. Алайда, баланың аяқ-қолы ісініп, жансыздана бастаған. Баласының жағдайы жақсармағанын көрген анасы, тағы да учаскелік дәрігерді шақыртқан. Алайда, дәрігер тағы да суық тиюді емдейтін дәрі жазып берген.

Бір тәулік өткен соң баланың тынысы тарыла бастаған. Сол кезде анасы жедел жәрдем шақырғанын айтады. Бірақ дәрігерлер 13 жастағы науқасты ажалдан арашалап қала алмаған.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға түсініктеме берді.

Аталған оқиға бойынша тәуелсіз сарапшылар тобын тарта отырып, жан-жақты тергеу жүргізілуде. Алдын ала қызметтік талдау нәтижелері бойынша жекелеген медицина қызметкерлері тарапынан заңбұзушылық фактілері анықталды. Барлық кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады, - делінген ведомство хабарламасында.

Жасөспірімнің неден қаза болғаны әзірге белгісіз. Жағдайды сарапшылар анықтауда.

Фото: Казинформ.кз  

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады