Ер адам екі дәрігерді соққыға жықты

2 маусым күні Қарағанды облыстық балалар ауруханасында 38 жастағы облыс тұрғыны дәрігерлермен сөзге келіспей қалып, соққыға жыққан. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылмақ, — делінген ақпаратта.
«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң түрде қамтамасыз етіледі. Әсіресе медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеті — қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуы ретінде бағаланады.
Фото: видеодан скрин

Ең көп оқылған
