Кәмелетке толмаған баладан ақша бопсалаған төрт адам сотталды

Сұлу Бөлек

  • 27.05.2025

Кәмелетке толмаған баладан ақшаны қорқытып алған төрт адам сотталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Сотталғандар жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және ата-анасына тиесілі ақша қаражаты бар екенін біліп, сөз байласып, кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге талап еткен.

Психологиялық қысым жасап, атыс қаруын көрсете отырып, олар 4 млн теңге көлемінде соманың бір бөлігін алған.

Топтың екі мүшесі жәбірленушіден тағы 100 мың теңге ақша алу кезінде ұсталған. Артынша қылмысқа қатысушылардың қалғаны құрықталған.

Мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі толық дәлелденді.

Қылмыскерлердің әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтеліп, сонымен қатар сотталғандардан 2 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабына сәйкес қорқытып алу үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, белгілі бір жағдайларда бұл қылмыс үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

Егер бұл қылмысты көрсетілген жасқа жетпегпен адам жасаса, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес оның әрекеттері үшін ата-анасы немесе заңды өкілдері жауап береді.

Елорда прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөледі.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Судья өзгермейді: Шерзат Болат ісіндегі қорғаушы шағымы кері қайтарылды

28.05.2025

34 жастағы әйел 12-баласын дүниеге әкелді

28.05.2025

“Азаматтарға арналған үкімет“ қызметкері қомақты ақшаға жер телімін өз атына тіркеп алған

27.05.2025

Астанада лифтіде жасөспірімнен жапа шеккен 5 жасар баланың беті жансызданып қалды

26.05.2025

Мұнайлы ауданында жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел әлі табылған жоқ

25.05.2025

"Сүлеймен сұлтан" кейіпкерін сомдаған танымал актер сотталды

25.05.2025
MalimBlocks