Катонқарағайда мал ұрлығы тыйылмай тұр

Аядай ауылдың мәселесі Мәжіліске дейін жетті

Malim Админ

  • 30.01.2025

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында мал ұрлығы өршіп тұр. Бұл туралы kazinform.kz жазды.  

Шыңғыстайлық Қожақан Нұрсапаровтың өткен жылдың бұзаулы сиырын, алдыңғы жылы 12 жылқысын таппай қалған.

Тәртіп сақшыларына талай бардық. Алайда еш нәтиже жоқ. Оларға деген үміт үзілді. «Жау алыстан шаппайды» демекші, ұрылар осы аудан ішінде деп ойлаймыз. Ел арасында ұрланған малдың еті осындағы дәмханаларға сатылған деген де сыбыс бар, — дейді ауыл халқы.

Жәнібек Қызырдың айтуынша, бірлі-екілі ұрланған малдың есебі жоқ. Яғни, төрт-түліктің сүмесін қорек етіп отырған жұрт арасында ұрымтал сәтті аңдыған ұрылардың кесірі тиіп, кесапатын сезбегендер некен-саяқ.

Әбден басынған ұрылар жылқыларды үйір-үйірімен әкетіп жатыр. Осыған тоқтау салу керек қой! Тек Шыңғыстай емес, Өрнек, Жаңа Үлгі, Аққайнар, Жамбыл, Еңбек ауылдарының тұрғындары да баукеспелерден зардап шегіп отыр, — дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Шыңғыстайлық ұрылар мәселесін таяуда мінберден мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай да көтерген.

Ауылдағы жұрт азын-аулақ малының арқасында күн көріп, жан бағып жүр. Бірақ елдегі бұқара баукеспе ұрылардан әбден зәре-зәп болып, Президенттен көмек сұрауға мәжбүр. Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы тұрғындарының әлеуметтік желіге шыққан видеоүндеулерін көрген шығарсыздар? Шыңғыстайдың шырқын осы ұрылар бұзып бітірді. Алақандай ауыл халқына ұры-қарының қорлығы әбден өткен. Әуре сарсаңға түскен халық аудандық, облыстық ішкі істер органдарының табалдырығын тоздырып, бастарын тауға да, тасқа да соғып әбден қажыған, — деді депутат.

Өз сөзінде ол Ішкі істер министрі Ержан Саденовке бұл мәселені жіті қадағалап, Қатонқарағай ауданында арнайы рейд жүргізіп, мал ұрлығының алдын алу мен ұрыларды ұстау бойынша кешенді шараларды қолға алуды сұрады.

Бұл жағдайға қатысты ШҚО полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков жауап берді. Катонқарағай ауданының полиция бөлімінде 2024 жылы мал ұрлығы бойынша 4, ал осы жылдың басынан бері 3 құқық бұзушылық тіркелген.

Шыңғыстай ауылы тұрғындары биылғы қаңтар айында 2003-2024 жылдар аралығында 13 бас жылқы және 7 бас ірі қара малының ұрланғаны жөнінде 12 арыз жазып, сол бойынша 1 қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта істің мән-жайы жан-жақты және толық жүргізілуін қамтамасыз етуге, қылмысты ашуға бағытталған қажетті тергеу амалдары қолға алынған, — деді ол.

Фото: zhaikpress.kz  

 

 

Байланысты жаналықтар

Сәбиін туа сала тастап кеткен. Алматы тұрғыны ұсталды

31.01.2025

Отадан кейін қар тазалаған. Үш баланың анасы қайтыс болды

31.01.2025

Ақтаудағы спортшы қызға зорлық көрсеткен 5 жігітке сот қайта үкім кесті

31.01.2025

«Миы шайқалған». Бір топ жасөспірім қызды жабылып ұрған

30.01.2025

Атырауда прокурор мен салық қызметкері төбелесіп, біреуі жансақтау бөліміне түсті

29.01.2025

Дәрігер қателігі. Қарағандыда 13 жастағы бала көз жұмды

29.01.2025
MalimBlocks
Сәбиін туа сала тастап кеткен. Алматы тұрғыны ұсталды

Оған қылмыстық іс қозғалды

Отадан кейін қар тазалаған. Үш баланың анасы қайтыс болды

Тергеу жұмыстары басталды

Ақтаудағы спортшы қызға зорлық көрсеткен 5 жігітке сот қайта үкім кесті

Басты айыпталушы Нұргелді Сейітқалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды

«Миы шайқалған». Бір топ жасөспірім қызды жабылып ұрған

Ауыр жарақаттанған қыз ауруханада жатыр

Атырауда прокурор мен салық қызметкері төбелесіп, біреуі жансақтау бөліміне түсті

Дәрігер қателігі. Қарағандыда 13 жастағы бала көз жұмды

Заң бұзған дәрігер тергеліп жатыр