"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

Сұлу Бөлек

  • 21.05.2025

Талдықорғанда Шерзат Болатты (Полатты) өлтіру ісі бойынша басты айыпталушы – Абзал Шынасылдан жауап алу басталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Айыпталушы өз кінәсін жартылай мойындады.

Абзал Шынасылдың айтуынша, сол күні ол Азамат Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Равиль Сәкиев және кәмелетке толмаған Д.Ы. есімді достарымен бірге кафеде демалып отырған. Сол кезде оған Нұрбол Тоқтаубаев қоңырау шалып, "Камажай" дүкенінің маңында досын сабап кеткенін айтқан.

Оқиға орнына жеткенде төбелес басталып кеткен екен. Оның айтуынша, Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев оның бағытына қарай мылтықпен оқ атқан.

"Сосын олар Шерзат екеуі Шота Руставели көшесімен қаша жөнелді. Кейін Шерзат құлап қалды, не себептен екенін білмеймін. Нұрғанат қасына отырып, "жедел жәрдем, жедел жәрдем" деп айқайлай бастады. Мен оны ұрып, теуіп тастадым. Кейін Нұрғанатты үш рет пышақтадым. Мұны мойындаймын", – деді Абзал Шынасыл.

Абзал Шынасылдан неге пышақ алып жүргені сұралғанда, ол үш күн бұрын АЖС маңында бейтаныс үш адам шабуыл жасағанын айтып, сол себепті пышақ алып жүргенін алға тартты.

Сот барысында Шынасыл бұрынғы берген жауабынан бас тартты. Оның сөзінше, Шерзатты өлтірген ол емес. Жасөспірімге пышақты кім салғанын білмейді.

"Талғар полициясында біреу мойнына алмаса, бәріміз топпен жауап береміз деді. Кейін Конаевқа этаппен алып бара жатқанда Равиль, Шыңғыс және Азаматпен келісіп, мен Шерзаттың өлімін өз мойныма алатын болдым. Ал Нұрғанатты Шыңғыс мойнына алатын болды. Егер мойындай салсам, жаза жеңіл болады деп ойладым", – деді Шынасыл.

Кейін сотта Шерзаттың ағасы мен Абзал Шынасылдың беттесу видеосы көрсетілді. Онда Нұрғанат Ғайыпбаев төбелес кезінде пышақ Абзал Шынасылдың қолында болғанын және дәл сол пышақпен Шерзатты жаралағанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін айыпталушы Равиль Сакиев Шерзатқа кім пышақ салып, жарақаттағанын айтқан болатын.

16 мамырда сотта айыпталушылар – Нұркияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев және кәмелетке толмаған жасөспірім жауап берген. Жасөспірім бұл іске қалай және қандай жағдайда араласқанын баяндаған.

Ілиясов жауап беру кезінде төбелес кезінде Шерзатты мылтықтың дүмімен ұрғанын айтты.

Фото: Видео кадры 

Байланысты жаналықтар

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

21.05.2025

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

21.05.2025

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025
MalimBlocks
Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді