Көкшетауда полицейлер пәтер тұрғындарын өрттен аман алып қалды

Полицейлер екі баланы анасы, әжесімен бірге алып шыққан

Мәди Саматұлы

  • 06.10.2024

Оқиға 4 қазанда кешке болған. Сағат 20:55 шамасында кезекші бөлімнен Сүлейменов көшесі, 12 «в» мекенжайы бойынша 4-қабатта пәтер тұтанғаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, Көкшетау қ. ПБ ППБ «Әскер-2» экипажының қызметкерлері полицияның аға лейтенанттары Аманжол Мұратов пен Мейрам Шайжановтің қызметке түскен кезіне тап келген. 

Оқиға орнына жеткенде, біз өрттің пәтердің едәуір бөлігін шарпығанын көрдік, сонымен қатар өрт кезінде ер адам 4-қабаттың балконынан секіріп кетті. Әріптесім жедел жәрдем келгенге дейін оның жанында болған. Жанып жатқан пәтердің ішінде тұрғындар болды, өрт сөндіру қызметі өртті сөндіріп жатқанда, біз ойланбастан әрекет етуге шешім қабылдадық. Кіріп, зардап шеккендерді эвакуациялауды бастауға шештік, дейді аға лейтенант Аманжол Мұратов.

Полиция қызметкерлері абдырап қалмай, жағдайды нақты бағалап, анасын екі баласымен, әже мен әйелді тез арада эвакуациялаған. Өрт сөндірушілер көрші пәтерлердің өртенуіне жол бермей, өртті толығымен жойған. Оқиға орнында полиция мен өрт сөндіру қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында адам шығыны болмаған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @aqmola_pd

Фото: Ақмола облысы ПД

Байланысты жаналықтар

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

19.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025
MalimBlocks
Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді