Көлікте шылым шегіп, жүргізушіні соққыға жыққан. Тергеу басталды

Оқиға Ақмола облысында болған

Malim Админ

  • 03.02.2025

Ақмола облысында клиенттің такси жүргізушісін ұрып-соғуына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.


Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көкшетау полиция басқармасына 47 жастағы ер адам өзіне шабуыл жасағаны туралы арызданды.

Жәбірленушінің сөзінше, 28 қаңтарда InDriver қосымшасы арқылы тапсырыс қабылдап, клиентті алып кеткен. Жолаушы рұқсатсыз көлік салонында темекі тұтатқан. Жүргізуші оған ескерту жасағанда, екеуі сөзге келіп қалған. Соңында такси жүргізушісі сапарды аяқтамақ болады. Көлікті тоқтатып, клиенттің шығуын өтініп, есікті ашқан. Алайда жолаушы жүргізушіге шабуыл жасап, оның денесіне зақым келтірген.

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі "Ұрып-соғу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, тиісті шаралар қабылданады. 

Фото:  dknews.kz  

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады