Magnum дүкеніндегі күріштен тірі құрт табылды

Әлеуметтік желіде Magnum супермаркетінен түсірілген видео қызу талқыға түсті. TikTok қолданушысы Жарқын Дариға жариялаған бейнежазбада дүкен сөресінде тұрған «Айдони» маркалы күріштің ішінен тірі құрттардың жыбырлап жүргені анық көрінеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бейнеролик авторының айтуынша, ол бұл дүкенге алғаш рет келген және өнімнің ішінен жәндіктердің шыққанына қатты таңғалған.
«Бұл не сұмдық? Magnum-ға бірінші рет келіп тұрмын – міне, көргенім осы. Қараңыздаршы, олар шынымен қимылдап жатыр. Қатты қорқып кеттім», – дейді Жарқын Дариға.
Оның айтуынша, бұл өнімді өндіретін компания балалар тағамын да шығарады, сондықтан жағдай тіпті алаңдатарлық.
«Олар балалар ботқасын да шығарады екен!» – деп ашуланды видео авторы.
Бейнежазбаның астына пікір қалдырған қолданушылар бұл жағдайға бейжай қарауға болмайтынын айтып, дүкен әкімшілігі мен тиісті органдардан ресми түсініктеме беруді, сондай-ақ жедел санитарлық тексеріс жүргізуді талап етуде.
Қазіргі уақытта Magnum сауда желісі мен азық-түлік қауіпсіздігін бақылаушы органдардан ресми жауап берілген жоқ.
Фото: pixabay

Ең көп оқылған
