Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті
Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай жақында Шымкент қаласына сапарлап барып, елге танымал тұлғалармен жүздескені жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Сейсембайдың айтуынша, ол Шымкентке кәсіпкер Серікжан Сейітжановтың арнайы шақыруымен келген. Сапар барысында Сейітжанов өз бизнес-жобалары жайлы әңгімелеп, қалада өзі тұрғызған мешітті де көрсеткен.
«Бұл – эпикалық құрылыс! Мұндай сәулет туындылары ғасырлар бойы сақталып, ұрпаққа аманат болады. Мен шын жүректен тәнті болдым», – деп жазды Сейсембай.
Одан кейін кәсіпкер бұрынғы әріптесі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовпен кездескен. Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті.
«Жақында оған қастандық жасалды, бірақ Алланың қалауымен аман қалды. Қазір жағдайы жақсы, көңіл-күйі де көтеріңкі», – деді кәсіпкер.
Марғұлан Сейсембай жазбасын: «Қазақстанда Сейітжанов пен Берденов секілді азаматтар барда, бұл елдің болашағы жарқын болмақ» деген сеніммен қорытындылады.
Фото: instagram/margulan_seissembai