Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

Бас прокурор Берік Асылов мектеп бағдарламасына "Заң және тәртіп" атты жаңа пән енгізуді ұсынды

Сұлу Бөлек

  • 10.04.2025

Бас прокурор Берік Асылов мектеп бағдарламасына "Заң және тәртіп" атты жаңа пән енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Х" әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті. 

"Заңды құрметтейтін ұрпақты қалай тәрбиелеуге болады? Оған жауап — профилактикада, білім беруде және тәлімгерлікте. Өкінішке қарай, кейбір жасөспірімдер төбелес пен одан да ауыр қылмыстарға барып жүр. Көпшілігі заңды бұзып жатқанын, бұл үшін жауапкершілікке тартылатынын білмеген. Нағыз қауіп — құқықтық сауатсыздық. Сондықтан біз уәкілетті органға 7-сыныптан бастап мектептерде "Заң және Тәртіп" атты міндетті пән енгізу туралы маңызды ұсыныс жасадық. Бұл пәнді қызметтегі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізеді. Өйткені олар тек білімді ғана емес, өмірлік тәжірибесін де бөлісе алады", — деп жазды ол.

Сондай-ақ Берік Асылов жасөспірімдер заңды білсе тәртіпсіздікке бармайтынын айтты.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

11.04.2025

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

08.04.2025

СҚО-да ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай жүр

05.04.2025

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

03.04.2025

Мектептерде жаңа пәндер пайда болуы мүмкін

02.04.2025
MalimBlocks
Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

Франция орта мектептерде ұялы телефонға тыйымды күшейтеді

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

СҚО-да ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай жүр

Солтүстік Қазақстан облысында ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай сенделіп жүр. Бұған себеп - өңірдегі мектеп тапшылығы. Мәселен, Белое ауылының оқушылары ана тілін үйрену үшін қалаға қатынауға мәжбүр

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

Мектептерде жаңа пәндер пайда болуы мүмкін

Енді мектептерде ауыл шаруашылығы саласына мамандар дайындауға бағытталған жаңа пәндер пайда болуы мүмкін. Бұл мәселені депутаты Қарақат Әбден көтерді