Оралда ер адам көршісін қатты музыка қойғаны үшін ұрып тастаған

Оқиға 2023 жылдың 2 желтоқсанында кешкі сағат 18:00 шамасында болған.

Сабина Асқарқызы

  • 15.02.2025

Орал қаласында сот қатты музыка үшін көршісін ұрып-соққан ер адамның ісін қарады, деп хабарлайды Malim.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сенсек, оқиға 2023 жылдың 2 желтоқсанында кешкі сағат 18:00 шамасында болған.

Орал тұрғыны өз пәтерінде қатты музыка қойып, тыңдап отырған. Бұл көршісінің ашуын туғызған. Ол әйелді сабырға шақырмақ болып, есігін қаққан. Алайда жауап болмаған. Кейін ашуланған ер адам есіктің әйнегін сындырып, ішке кірген. Ер адам әйелді тауып алып, бірнеше рет басы мен денесінен ұрған. Артынша оның басын қабырғаға соғып, пәтерден шығып кеткен, – делінген хабарламада.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін айтты. Жәбірленуші соттан қатаң жаза тағайындауды сұрамады, бірақ белгілі бір шектеулер қоюды өтінді. Сот ер адамды Қылмыстық кодексінің 109-бабы «Ұрып-соғу» бойынша кінәлі деп танып, 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту туралы шешім шығарды.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Даун синдромы бар баланы таяқпен ұрған маман жұмыстан қуылды

14.04.2025

Оралда әлеуметтік желі арқылы бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

07.04.2025

Қызды ұрып-соқты деп айыпталған актер Шәріп Серік видео жариялады

04.04.2025

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

25.03.2025

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

11.02.2025

Орал тұрғыны пәтеріне 95 адам тіркеген

23.01.2025
MalimBlocks
Даун синдромы бар баланы таяқпен ұрған маман жұмыстан қуылды

Оқиға Сарыағашта болған

Оралда әлеуметтік желі арқылы бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

Қызды ұрып-соқты деп айыпталған актер Шәріп Серік видео жариялады

Актер Шәріп Серік кешірім сұрап, видео жариялады

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

Қызылорда облысында, Тасбөгет кентінде ер адам қызғаныштан жұбайын соққыға жыққан

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

Қарағанды облысының шығысындағы жолдарда көктайғақ болады

Орал тұрғыны пәтеріне 95 адам тіркеген