Өскеменде тұрғындарға аю шабуылдады. Әкімдік не дейді?

Тұрғындар аю қонжығын іздеп келуі мүмкін деп үрейленіп отыр

Malim Админ

  • 28.08.2024

Кеше Malim.kz ШҚО-ның Серебрянка қаласында адамға аю шабуылдағанын жазған болатын. Аю екінші посттың жол бұрушы қызметкеріне тап берген. Желі қолданушылары теміржолшылар оны өлтіріп, видеоға түсіріп алғаны туралы жазып, бұл әрекетті сынға алған еді.

Осы жағдайға қатысты Алтай ауданының әкімдігі ресми жауап берді. Аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарованың айтуынша, қонжықты пойыз қағып кетуі мүмкін. Ол 23 тамызда «Химик» тұрғын алабының маңынан теміржолдың 89 шақырымынан табылыпты. Теміржол станциясының қызметкерлері өлексені жолдан шығару үшін сол жерге келген.   

Дегенмен, бұл жақта аюдан келер қауіп те жоқ емес. Осы маңдағы тұрғындар  аю қонжығын іздеп келуі мүмкін деп үрейленіп отыр. Оның үстіне тамыздың 24-нен 25-не қараған түні Пристанская, 1 мекенжайында орналасқан көмір қоймасының маңынан жыртқышты көргендер бар. Ауладағы ит абалап кеткен соң қойманың күзетшісі тысқа шығып, аюды үркітіп жіберген. Осы түні әлгі түз тағысын ПЧ-38 №2-ші постының жолбұрушысы да теміржолдың бойынан көреді.

Осыдан кейін аю шабуылынан қорыққан тұрғындар Серебрянка қаласының әкімдігінен көмек сұраған. Әкімдік пен полиция қызметкерлері ПЧ-38 №2-ші постының маңында таңға дейін кезекшілік ұйымдастырды. Дауыс зорайтқышы бар көлікпен қала ішін аралап, тұрғындарға қауіпсіздік шаралары жайлы ескертті.

- Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына, «Орман аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы» мекемесіне хат жолданып, адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарларының өміріне төнген қауіпті жоюға жәрдемдесу туралы өтініш жасалды, - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

08.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы