Өскеменде жас жігіт үш туысын балталап, үйді өртеп кеткен

Арман Қайыпхан

  • 31.01.2025

Өскеменде 27 жасар жігіт үш туысын балталап өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін үйді өртеп кетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Криминалды Қазақстан"Telegram-арнасының жазуынша, жантүршігерлік қылмыс 30 қаңтарда болған. Өскемен қаласындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, оны сөндірілгеннен кейін жертөледен үш адамның жартылай күйген денелері табылды. Қаза болғандар – 76 жастағы үй иесі, оның 69 жастағы азаматтық жұбайы және олардың 51 жастағы туысы. Сараптама нәтижесі бойынша марқұмдардың басы шабылғаны  анықталған.

Полиция қызметкерлері оқиғаның алкогольдік ішімдік ішу кезіндегі  жанжал салдарынан болғанын анықтады. 27 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол қылмыстың іздерін жасыру мақсатында жәбірленушілердің денесін жертөлеге түсіріп, үйді өртеп жіберген. Күдіктінің марқұмдардың туысы екені белгілі болды.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Полиция қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты және объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының жеке бақылауында," – делінген полиция мәліметінде. 

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады