Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті

Сұлу Бөлек

  • 13.04.2025

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Оқиға туралы Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сауле Шакенова хабарлады. Бұл ақпаратты облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі де растады.

"2 жас 11 айлық бала таңғы 08:50-де жедел жәрдеммен жеткізілді. Ол әжесінің үйінде болған. Ауруханаға түскен кезде жағдайы ауыр, 1-дәрежелі комада болды. Бас сүйек-ми жарақат алып, миы шайқалған, миы және іші көгерген, өкпенің контузиясы анықталды. Қазір қосымша тексерулер жүргізіліп жатыр", – делінген аурухана мәліметінде.

Бала құрылыс дүкенінің шатырындағы төбесіне құлап түскен. Оны құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтың көмегімен түсіріп, дәрігерлерге тапсырған.

"Құтқару қызметіне қоңырау 08:20-да түсті. Құтқарушылар сатылы құрылғы мен альпинистік құралдарды қолданып, баланы шатырдан түсіріп, жедел жәрдемге берді", – деді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Биыл бұл облыста алғаш рет бала терезеден құлап тұр. Балалар омбудсменінің айтуынша, 2024 жылғы 15 сәуірден бастап күшіне енген ҚР ӘҚБтК 127-бабына сәйкес, бала қайда болса да – ата-анасының немесе қамқоршысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі міндетті.

"Қазір әлеуметтік желіде ата-ананы жазалау керек пе, жоқ па деген пікірталас жүріп жатыр. Бірақ екі жасар бала таңғы 8-де терезені өзі аша алмайды. Демек, терезе ашық тұрған", – деді Шакенова.

Балалар ауруханасының ақпаратына сәйкес, былтыр облыста биіктен құлап жарақат алған 51 бала тіркелген. Бұл статистика сырғанақтан, шатырдан, терезеден және терең шұңқырдан құлаған балаларға қатысты. Ал биылдан бастап тек терезеден құлаған балалар туралы жеке есеп жүргізілмек.

Полиция департаменті бұл жайт бойынша тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Ата-аналарға ескерту – жылы күндерде балалардың қауіпсіздігіне барынша мұқият болыңыздар. Баланың қайда жүргенін қадағалап, көзден таса етпеңіздер. Олардың өмірі мен денсаулығы – сіздердің жауапкершіліктеріңізде", – делінген полиция хабарламасында.

Ата-ананың жауапкершілігі қандай?
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу 10 АЕК көлемінде айыппұлға немесе бір жыл ішінде қайталанса – 15 АЕК айыппұлға немесе 5 тәулікке дейін қамауға алуға әкелуі мүмкін.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

16.04.2025

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

14.04.2025

Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

07.04.2025

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

06.04.2025

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

06.04.2025

Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

05.04.2025
MalimBlocks
Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Қостанайда 7 жастағы қыздың ата-анасы дәрігерлерді баласының өліміне кінәлап отыр

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

Палестина Білім министрлігі 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израильдің әскери әрекеттері салдарынан Газа секторында 17 мыңнан аса баланың қаза тапқанын мәлімдеді

Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

Ақмола облысында 2 жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды