Перизат Қайраттың ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың ісі туралы айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
"Перизат Қайраттың ісі неге созбалаңға салынып кетті? Құрылтайшылар да күдікті деп танылды ма?" – деп сұрады Ұлысмедиа тілшісі.
Елемесовтің айтуынша, іс бойынша бұрынғыша тек екі күдікті бар.
"Қылмыстық іс созылып кеткен жоқ. Қазір қылмыстық істің материалдарымен іс қатысушылары танысып жатыр. Перизат Қайраттың өзі созып жібергендіктен нақты мерзім қойдық. Іспен танысу мерзімі 9 маусымда бітеді. Одан соң үш күн өтінішхатқа беріледі. Содан кейін 10 күннің ішінде істі сотқа жіберу туралы шешім шығады", – дейді Елемесов.
Айта кетейік, бұл іс бойынша Перизаттан бөлек екінші күдікті – анасы.
Перизат Қайрат "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қорына түскен қаражатты өз жеке және анасы Алашбаеваның есепшоттарына аударып, кейін оларды зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһазға, саяхаттарға, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдау және басқа да шығындарға жұмсаған.
Волонтер Перизат Қайрат "Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған" деген күдікпен ұсталып, тергеуге ілінген болатын.
Фото: Перизат Қайраттың парақшасынан

Самое читаемое
