Қарағандыдағы трассада 800-ден астам көлік жиналып қалды

Арман Қайыпхан

  • 03.01.2025

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 800-ден астам көлік республикалық трассада қалып қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды полиция департаментінің мәліметінше, облыстағы екі негізгі бағыттағы жолдар – Қарағанды-Астана және Қарағанды-Павлодар трассалары жабылды. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург трассасында Теміртау маңында жолдар жабылуына байланысты шамамен 800 көлік кептеліп қалған. Бұл трасса елдің негізгі магистральдерінің бірі болып табылады және күн сайын 10 мыңнан астам көлікке қызмет көрсетеді.

Қазіргі уақытта полиция жолдағы жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қолға алып жатыр. Жақын арада автоколонналарға ілесіп жүру ұйымдастырылып, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Полиция тұрғындарды елді мекендерден тыс жерлерге сапар шегуден бас тартуға шақырады. Жол жағдайы туралы өзекті ақпарат алу үшін 112 қызметінің хабарламаларын мұқият қадағалау ұсынылады.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Астанадағы Алматы көшесі жабылды

13.04.2025

Жолды жөндеуде цифрлық теңге қолданылатын болады

08.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

Ақмола облысында елді мекендерге баратын жол су тасқынына байланысты жабылды

04.04.2025

Ауа райына байланысты 6 облыстағы жолдар жабылды

13.02.2025

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

11.02.2025
MalimBlocks
Астанадағы Алматы көшесі жабылды

Жолды жөндеуде цифрлық теңге қолданылатын болады

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

Ақмола облысында елді мекендерге баратын жол су тасқынына байланысты жабылды

Ауа райына байланысты 6 облыстағы жолдар жабылды

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

Қарағанды облысының шығысындағы жолдарда көктайғақ болады