457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан азаматы Қырғызстан тауларында қаза тапты

Қазақстандық турист Қырғызстандағы "Каракол" тау-шаңғы базасында қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ыстықкөл облыстық ІІБ мәліметінше, оқиға 27 ақпанда тау-шаңғы трассасында болған. Полицияға жазатайым оқиға туралы хабар түскеннен кейін, жедел-тергеу тобы оқиға орнына келген. 

Тергеу барысында 43 жастағы Қазақстан азаматы сноубордпен сырғанау кезінде өзінің досымен соқтығысқаны анықталды. Ер адам алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Факт Ақ-Суу ауданы ІІБ ақпаратты есепке алу журналында тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Фото: Depositphotos.com