457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Журналист Руслан Өтепбай "Елге көмек" қайырымдылық қоры жетекшілерінің тағы бір алаяқтық әрекетін жария етті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Видеодағы аудионы Ілияс Сәриев Жансұлу есімді әйелге жіберген. Мақсаты - жалғызбасты анаға несие алдыру. Алайда Жансұлу несие алып бере алмаймын дейді. Бірақ Ілияс,анасының ауырып жатқанын алға тартып, өтініш емес, әйелге талап қояды. Жансұлу Ілиясқа Құдайдай сеніп, оның туған қарындасына 2 миллион теңге несие алып береді. Алайда ол қыз Ілиястың қарындасы емес, сіз бен бізге таныс Ақтоты болып шығады", - дейді журналист.

Руслан Өтепбайдың айтуынша, ең сорақасы Ақтоты келіншектің телефонын алып, басқа банктан тағы да 1 миллион теңге несие шығарып, дереу өзінің шотына аударып алған. Мұны Жансұлу тек келесі күні байқаған.

Бұл дерек бойынша да Ақтоты мен Ілиястың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Фото: видео кадры