Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды

Ақмола облысында 2 жасар қыз көлік астында қалып, көз жұмды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Қайғылы жағдай Қосшы қаласында болған. Ресми мәлімет бойынша, Kia Sportage маркалы автокөліктің жүргізушісі 2023 жылы туған бүлдіршінге соқтығысқан.
Желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Бүлдіршін оқиға орнында жан тапсырды.
Бұл іс бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Айта кетейік, бұған дейін де Алматыда балалардың өмірін жалмаған екі қайғылы жол апаты болған еді. Бірінші жағдайда жүк көлігі 7 жасар қызды қағып кеткен. Ал екінші жағдайда жолды жүгіріп өтпек болған 7 жасар ұл баланы кроссовер соғып кетті.
Фото: Видеодан алынған кадр

Самое читаемое
