457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Құлсарыда салынып жатқан "келешек мектебінің" төбесі опырылып, ортасына түсті

Құлсары қаласында «Келешек мектептері» жобасы аясында 1200 орындық білім ордасы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары кезінде спорт залының төбесі опырылып, ортасына түсті. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы Кұлсарыдағы жағдайға байланысты ресми жауап берді.

Аталған нысанды «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында «Turan Ascent» ЖШС салып жатыр. Мектепті пайдалануға беру мерзімі — 2025 жылдың соңы. Алдын ала мәлімет бойынша, құрылыс материалдарын дұрыс сақтамау және орналастыру талаптарының бұзылуынан осындай оқиға болған. Атап айтқанда, спорт залының шатырына шектелген аумаққа салмағы 6 тоннадан асатын материалдар қойылып, конструкцияға зақым келтірген. Оқиғаға байланысты тапсырыс беруші тарапынан басшылық, техникалық және авторлық қадағалау өкілдері кіретін комиссия құрылды. Сонымен қатар, жобалық шешімдерге сәйкестігін және конструкциялардың көтеру қабілетін тексеру үшін арнайы техникалық сараптама ұйымы тартылды, - деп хабарлады «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Сараптама жұмыстарынан соң ғана қорытынды шешім қабылданады. Мердігер анықталған барлық кемшілікті жоюға міндетті.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Келешек мектептері» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында сапа мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды басты қағида етіп ұстанады, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Фото: видеодан алынған скрин

 

 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00