Астанадағы түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап өлтірген

Астанадағы түнгі клубта 19 жастағы жігітті пышақтап өлтіріп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп.
Қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні Б. Майлин көшесінде орналасқан «Amazon» түнгі клубында келушілер арасында болған. Олардың арасындағы жанжал қақтығысқа ұласып, арты пышақтасумен аяқталған. Салдарынан 19 жастағы жас жігіт қаза тапты.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Белгілі болғандай, ойын-сауық орнының келушілері арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Оқиға барысында күдікті пышақ жарақатын салған, соның салдарынан 19 жастағы жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.
Фото: видеодан скрин

Ең көп оқылған
