457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алаяқтық бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркиядан елге қайтарылды

Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің және Түркия Республикасының құзыретті органдарының көмегімен бірнеше рет алаяқтық бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматын Түркиядан елге қайтарды.


Ол 2023 жылы Шымкент қаласында басқа адамдармен алдын ала сөз байласып, интернет-алаңда нарықтық бағадан төмен бағамен автокөлік сатылады деген жалған хабарландырулар орналастырған. Заңсыз әрекеттердің салдарынан 52 жәбірленуші жалпы сомасы 70 млн теңгеден астам қаражаттан айырылды.

Аталған қылмыстың қатысушылары бұрын жазаның әртүрлі түрлеріне сотталған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынғанына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланып, ағымдағы жылдың тамыз айында Түркия аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Ол мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бас прокуратура мен құқық қорғау органдары азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қылмыс жасаған тұлғаларды, олар қай елде жүргеніне қарамастан, жауаптылыққа тарту бойынша жүйелі жұмысын жалғастырады. 

Фото: Видеодан алынған скрин

 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00