Қылмыстық топқа мүше болған 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылып жатыр

Malim Админ

  • 28.02.2025

Қазақстанда жыл басынан бері қылмыстық топтардың көшбасшылары мен қатысушыларына қатысты 25 қылмыстық іс, ал оның ішінде трансұлттық сипаттағы белгілері бар ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша төрт іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап, Malim.kz.

Қылмыстық қоғамдастық құрудың бір фактісі анықталды. Сондай-ақ бірінші рет трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аталған істер бойынша қылмыстық қудалау орбитасында тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған криминалитет өкілдері бар.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Бас прокуратурамен бірлесіп, мемлекетаралық деңгейде дәлелдемелік базаны жинау бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Барлығы 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылуда. Бандитизмге қарсы күрес ІІМ-нің ерекше бақылауында», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Фото: Glavk.info

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

07.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады