Қызды ұрып-соқты деп айыпталған актер Шәріп Серік видео жариялады

Актер Шәріп Серік кешірім сұрап, видео жариялады

Сұлу Бөлек

  • 04.04.2025

Актер Шәріп Серік кешірім сұрап, видео жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Актердің видеосы желіде қызу талқыға түсті.

"Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын. Өкінішке қарай, сіздер лифтіден Әлияны жұлқылап шығарған видеоны көрдіңіздер. Бұл видео арқылы өзімді ақтап алғым келмейді. Мен ауыр қателік жасадым. Заңның барлық қатаңдығы бойынша жазамды өтеуге дайынмын", – деді ол.

Сонымен қатар, актер өз әрекеті үшін кешірім сұрады.

"Көпшілігіңіз жанжал кезіндегі ашу мен ызаға булығуды жақсы білесіздер деп ойлаймын. Мен сіздерден қатемді қайталамауды және қол көтермеуді сұраймын. Мен Әлияны шапалақпен салып жібердім, сол үшін одан, оның отбасынан және әрекетіме көңілі қалған барша жаннан кешірім сұраймын", – деп қосты ол.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Әлия Бутеева әлеуметтік желіде фото және видео жариялаған болатын. Кадрларда Шәріп Серік оны жалаңаяқ қуып шығып, қолынан ұстап, лифтіден күштеп шығарып жатқаны көрінеді. Сондай-ақ, суреттерде қыздың бетіндегі қызарған іздер байқалады. Алматы полициясы бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

Фото: instagram.com/shakentii

Байланысты жаналықтар

Шерзат Болат ісі: оқиға орнында түсірілген куәлердің видеолары көрсетілді

22.05.2025

"Қыздар ер адамдарға иіліп сәлем беруі керек" деген кеңес берілді: Министрлік бұған не дейді?

20.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

01.05.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025
MalimBlocks
Шерзат Болат ісі: оқиға орнында түсірілген куәлердің видеолары көрсетілді

"Қыздар ер адамдарға иіліп сәлем беруі керек" деген кеңес берілді: Министрлік бұған не дейді?

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

Раушан Құдайбергеннің таңдауы актер жігітке түскен

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан