Сарқан ауданында білім бөлімінің бас бухгалтері 8 жылға сотталды

«Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері 8 жылға сотталды

Сұлу Бөлек

  • 27.03.2025

«Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері 8 жылға сотталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Талдықорған қалалық соты «Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А. Мұратова мен А. Қалабаеваға, «Қазпошта» АҚ аудандық учаскесінің бастығы А. Такенге, «Айдана» бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м.а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығарды.

Іс мән-жайы

Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жаза 

"Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Антикор ұсынған видеодан скрин 

Байланысты жаналықтар

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталды

02.05.2025

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

30.04.2025

СҚО-да ер адам отбасылық құпияны жариялағаны үшін сотталды

26.04.2025
MalimBlocks
Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталды

Ол жалға беру барысында қауіпсіздік талаптарын сақтамаған, салдарынан бір адам қаза тапты

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

СҚО-да ер адам отбасылық құпияны жариялағаны үшін сотталды