Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Ішкі істер министрі Ержан Саденов қыз алып қашқандарды 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынысын қолдады, - деп хабарлайды malim.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Парламентте қаралып жатқан "Қыз алып қашу немесе мәжбүрлеп некеге тұрғызу туралы" заң жобасына ензіліп жатқан өзгерістер бүгінде қоғам назарында.
Кейінгі үш жылда полицияға қыз алып қашу дерегі бойынша 214 шағым түсіпті.
Бір өкініштісі, соның 10-ы ғана сотқа жеткенін мәжілісмендер дабыл қағып айтып отыр. Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха бұл норманы жыл аяғына дейін талқылап, қабылданатынын айтты.
Сондай-ақ, ең әуелі, көпшілікке қыз алып қашу салт емес, қылмыс екенін санасына құю керекпіз деген пікірде.
"Бұл жерде артық қыламыз деп, тыртық қылып алмауымыз керек. Мәселен, кей жағдайда екі тарап келісіп, қыз алып қашады. Біз бұл жерде қызды еркінен тыс, ештеңеге қарамай алып қашқандарды сөз етіп отырмыз. Жалпы қыз алып қашу үрдісін оң жағынан насихаттамау керек. Тек айыппұлмен құтылмай, кінәлі деп танылған азамат қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс", - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.
Фото: sntat.ru