Секс құлдыққа салынған 16 жастағы оқушыға баспана ұсынылған

Malim Админ

  • 20.11.2024

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев секс құлдықта болып, жезөкшелікке итермеленген 16 жастағы қызға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ол отбасы біздің де, құқық қорғау органдарының да бақылауында. Осы жағдайдан кейін біз оларға баспана ұсынған болатынбыз. Ол кісініңде  ұсыныстарын тыңдадық. Сол кезде басқа баспанаға көшуді ұсындық. Бірақ кейін қыздың анасы өз пәтерінде қалу жайлы шешім қабылдады. Біз оны қолдауға дайын болдық, оны одан әрі жалғастырамыз», - дейді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. Сыныптастары сексуалдық құлдықта ұстаған Қызылорда облысындағы 16 жастағы қыздың ісі бойынша ер адам небәрі 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ер адам өзін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерімін деп таныстырып, қыздан 700 мың теңге бопсалағаны анықталған.

Фото: Қызылорда обл әкімдігі

Байланысты жаналықтар

16 жастағы оқушыны зорлау ісі. 13 адам ұсталды

19.09.2024
MalimBlocks
16 жастағы оқушыны зорлау ісі. 13 адам ұсталды

Тағы екі адам үйқамақта