Шерзат Болаттың ісіне қатысты сот отырысы басталды
Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісіне қатысты сот отырысы басталды. Ол Қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот бөлімінде өтіп жатыр

Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісіне қатысты сот отырыс басталды. Ол Қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот бөлімінде өтіп жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz.
Жантүршігерлік оқиға Талғар қаласында болғанымен, алғашқы сот процесі Жетісу жерінде өтпек. Жоғарғы сот өкілдері, отырыстың Талдықорғанда өтуіне себебін: айыпталған 9 адам осы қаладағы тергеу изоляторында уақытша қамауда деп түсіндірді.
Шерзат Болаттың отбасының заңды мүддесін Мейірман Шекеев жетекшілік ететін алты қорғаушы қорғайтын болады. Олар – Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ібраев, Бақдат Амандосұлы және Бекзат Мязов.
Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда Талғарда жасөспірім қатыгездікпен өлтірілді.16 жастағы Шерзат Болат әкесіне дүкенде көмектесіп жүрген кезде сатып алушымен жанжал басталған. Сатып алушы таныстарына хабарласып, олар келіп, Шерзатты, оның әкесін және ағасын пышақ және мылтық қолданып, соққыға жыққан.
Фото: respublika.kz.media