Шерзат ісі: Нұрғанат Ғайыпбаев Шерзатқа шабуылдағандарға оқ атпағанын айтты

Сұлу Бөлек

  • 23.05.2025

Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. 23 мамырда сот марқұмның ағасы Нұрғанат Ғайыппаев пен күдіктілердің бірі Нұрқияс Ілиясовтың арасындағы төбелесті көрсетті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Беттестіру кезінде мылтықты кім атқаны талқыланды. Нұрғанат Ғайыппаев Шерзатқа шабуыл жасағандарға оқ атқанын мойындаудан бас тартты. Ол Ілиясов Нұрқиястың беттестіруде берген жауабымен келіспейтінін жеткізді. Оның айтуынша, Нұрқияс мылтықты тартып алған кезде шүріппені өзі басқанын айтады.

"Еркекше, мойындасаңшы, мен атқан жоқпын ғой. Мен сенімен сөйлескен де жоқпын", – деді Ілиясов.

Күдікті Нұрқияс та Ахмет Махметті кім ұрғанын білмейді, кімде пышақ болғанынан хабары жоқ. Оның айтуынша, ол тек оқиға орнынан мылтықты алып кеткен. Бірақ қаруды неге алып кеткенін түсіндірмеді. 

Бұған дейін бірнеше куәгер Нұрғанат Ғайыппаевтың мылтықпен оқ атқанын айтқан еді. 

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Алайда үйді өртеген күдіктілер әлі күнге табылған жоқ. 

Фото: әлеуметтік желіден 

Байланысты жаналықтар

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

23.05.2025

Шерзат ісі бойынша сотқа қатысушылар тікелей эфирде жер сілкінісін сезді: видео

23.05.2025

Шерзат ісі: тергеу барысындағы видеолар көрсетілді

23.05.2025

Шерзат Болат ісі: оқиға орнында түсірілген куәлердің видеолары көрсетілді

22.05.2025

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

22.05.2025

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

21.05.2025
MalimBlocks