Шерзаттың анасы бізден қуаттағыш сұрады - куәгер

Бүгін кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
5 мамырда сот отырысында айыпталушы тарап өкілдері наразылық білдірді. Олардың айтуынша, сот залында түсіруге болмайтын кадрлар әлеуметтік желіде тарап кеткен, олар сотты түсіріп жатқан мобилографты шығарып жіберуін өтінді. Кейін сот бәріне ескерту жасады.
Алғашқы болып жауап берген куәгер - Талғар қаласының тұрғыны Сәкен Әкежанов. Ол оқиға күні мылтық дауысы естілгенін, бір адамды бір топ адамның соққыға жыққанын көргенін айтты.
Одан кейін куәгер Арман Құсайынов жауап берді. Ол жәбірленуші тарапты да, айыпталушы тарапты да бұрын көрмегенін айтты. Оның айтуынша, достарының бірі атыс болып жатқанын айтып, үйге қайтуын айтқан. Алайда олар оқиға орнына барған, бірақ сол кезде бәрі тарап жатқанын айтты.
Одан соң куәгер Данияр Жанболатұлы жауап берді. Ол адвокаттың "Шерзаттың анасы мен әпкесін қалай таныды?" деген сұраққа жауап берді.
"Ол қатты жылап, айқайлап жатты. "Менің ұлым" деді. Олар келіп, бізден камера туралы сұрады, сосын бәрінен ноутбук қуаттағышы керек еді. Оның айтуынша, олардың дүкенінде камера істемей тұрған, ал ондағы жазбаны қарау үшін қуаттағыш керек еді", - деді ол.
Кейін куәгер Дарын Жанболатұлы куәлік етті.
Бұған дейін не белгілі болды?
Шерзат Болаттың отбасының заңды мүддесін Мейірман Шекеев жетекшілік ететін алты қорғаушы қорғайтын болады. Олар – Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ібраев, Бақдат Амандосұлы және Бекзат Мязов. Бүгінде істі Бишімбаевтың соты сияқты жалпыхалыққа түсіндіре отырып, өтуін сұрап отырғандар көп. Олардың ішінде айыптаушыларға жеңіл жаза беріле ме деген пікір де жүр.
Оқиға қаша болды?
Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда Талғарда жасөспірім қатыгездікпен өлтірілді.16 жастағы Шерзат Болат әкесіне дүкенде көмектесіп жүрген кезде сатып алушымен жанжал басталған. Сатып алушы таныстарына хабарласып, олар келіп, Шерзатты, оның әкесін және ағасын пышақ және мылтық қолданып, соққыға жыққан.
Фото: Әлеуметтік желіден
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
