СҚО-да ер адам отбасылық құпияны жариялағаны үшін сотталды

Сұлу Бөлек

  • 26.04.2025

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам танысының ұялы телефонын ұрлап, ондағы жеке өміріне қатысты ақпаратты ортақ таныстарына таратқан, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

"Сот азамат Л.-ны адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс жасағаны үшін төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті", – деп хабарлады өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енді.

Ведомство мәліметінше, адамның жеке өмірі туралы келісімінсіз мәліметтерді таратқандардар немесе оның құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян келтіргендер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабының 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік артады. Бұл бап бойынша баламасыз жаза ретінде алты жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

"Мұндай мәліметтерді көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде, шығармаларда, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникациялық желілерде немесе онлайн-платформаларда тарату үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деп қосты прокуратура өкілдері.

Сонымен қатар, ведомство Конституцияның 18-бабына сәйкес әрбір азаматтың жеке өміріне, жеке және отбасылық құпиясына қол сұғылмау құқығы кепілдендірілгенін еске салды.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025

Су тасқыны: Солтүстіктегі ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде

25.04.2025

"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

25.04.2025

35 млн теңге иемденген: Ақтөбеде шенеунік сотталды

23.04.2025

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

22.04.2025

18 млн теңге заңсыз сыйақы алған: Ақтау сотының төрағасы сотталды

21.04.2025
MalimBlocks
Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

Су тасқыны: Солтүстіктегі ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде

"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

Әйелі де алаяқтық бойынша істі болған

35 млн теңге иемденген: Ақтөбеде шенеунік сотталды

"Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" КММ директоры сотталды

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

18 млн теңге заңсыз сыйақы алған: Ақтау сотының төрағасы сотталды

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды