Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Арман Қайыпхан

  • 11.05.2025

Шымкентте жыл басынан бері жыланның кіруіне байланысты құтқарушыларға 25 рет шақырту түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

"Егер жылан табылса, адамдарды үй-жайдан шығарып, құлыптап, құтқарушыларды шақыру керек. Біз жыланды ұстап алып, оны елді мекендерден алыстатамыз", - дейді Шымкент қаласы ТЖД азаматтық құтқару бөлімшесінің басшысы Рахымжан Бекенбаев.

Көбінесе шымкенттіктер жыланның улы емес түрлерімен кездеседі. Жалпы бұл аймақта жылан көп.

Биыл жыланнан бір бала зардап шегіп, ауруханаға түскен. Жылан шаққан жағдайда дереу дәрігер көмегіне жүгіну керек. Өйткені адам өміріне қауіп төнеді.

"Біздің орталықта жылан шаққанға арналған вакцина бар, біз шұғыл түрде екпе жасаймыз. Егер уақтылы көмекке жүгінбесеңіз, өлімге әкелетін жағдай болуы мүмкін", - дейді гипербариялық оттегімен қанықтыру орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.

Сарапшылар жылан адамға сирек шабуыл жасайды дейді. Адам оларға өзі тиіспесе қауіп төндірмейді. Сондықтан жыланды көріп қалсаңыз, қауіпсіз қашықтықта абайлап әрекет етіңіз.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады

09.05.2025

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025

Америкалық ер адам 18 жыл бойы өзіне жылан уын егіп келген

03.05.2025

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

02.05.2025
MalimBlocks
Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

Америкалық ер адам 18 жыл бойы өзіне жылан уын егіп келген

Шымкентте алғаш рет пәтерін жалға берген тұрғын сотталды

Пәтерді жалға алушы азамат көз жұмған