Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды

Сұлу Бөлек

  • 09.04.2025

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Malim.kz. 

Былтыр Сайрам ауданының тұрғыны бұрынғы әйелінің үйіне баса көктеп кіріп, балаларын көрсетпей жүргені үшін мойнына пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытқан.
 Ол бұған дейін сотты болған, лудоманиямен ауырғанына байланысты ажырасқан.

Күдікті жәбірленушінің туыстары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамай, оны пышақпен қорқытып аулада тұрған автокөлікті өзіне басқартып, ол жерден бой тасалаған.

Сол күні арнайы іс шара жүргізу барысында күдікті Шымкент қаласында ұсталып, жәбірленуші кепілден босатылды.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Сот жоғарыда бұл мән-жайларды ескере отырып, алдыңғы үкім бойынша өтелмеген 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын ішінара қосып, түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

07.05.2025
MalimBlocks
Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.