457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркістан облысында газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті

Ауруханаға жеткізілген 6 адамның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Оқиға Созақ ауданы, Аққолтық ауылында болды. Жеке тұрғын үйде 27 литрлік тұрмыстық газ баллоны жарылып, 180 шаршы метрлік жеке тұрғын үй толығымен қирап қалды,- деп хабарлайды Malim.kz. 

Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері келгенге дейін көршілер үйінді астынан термиялық күйік шалған 6 адамды ауруханаға жеткізген. Оның ішінде кәмелетке толмаған 5 бала бар. 

Жарылыс салдары анықталып жатыр. Сағат 21:40-та қираған үйіндіні ашу жұмыстары барысында 20 шаршы метр қираған төбе жаппасының  жанғаны анықталды. Өрт сағат 21:55-те оқшауланып, сағат 23:12-де толық сөндірілді. 6 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір үшеуі жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», - деді Созақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев.

Фото: Түркістан облыстық ТЖД