Ұн цехындағы жарылыстан 1 адам қаза тапты

Сұлу Бөлек

  • 26.05.2025

Жібек Жолы ауылындағы ұн өнімдерін шығаратын цех аумағында жарылыс болып, артынша өрт шықты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, төтенше жағдай 23 мамырда болған. Ал оқиға орынында түсірілген видео 26 мамырда әлеуметтік желілерге жарияланды.

"Өрт астық қалдықтарынан түзілген шаң-ауа қоспасының жарылуынан шыққан. Бұл қоспа тоғыз қабатты екінші элеватор ғимаратының бірінші қабатында болған. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Құтқарушылар жеткен сәтте қатты түтіндеу тіркелді. Жедел штаб құрылып, төрт бөлімше жұмыс істеді", – деп хабарлады ТЖД.

Департамент мәліметінше, өрт толықтай сөндірілген. Өрттің жалпы аумағы – 1377 шаршы метр.

Қазір өрттің шығу себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД-ның Өрт сынақ зертханасы мен анықтау бөлімі қызметкерлері жұмылдырылған.

"Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар бір ересек адамды баспалдақ арқылы алып шықты. Сонымен қатар төрт адам түрлі күйік жарақатымен Қарасай аудандық көпсалалы орталық ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", – делінген ресми хабарламада.

Зардап шеккендерге Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Апаттар медицинасы орталығы филиалы мен Жібек Жолы ауылындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының мамандары жұмылдырылған.

"ТЖД психологы да зардап шеккендерге қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр", – деп қосты ведомство.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта науқастардың жағдайы өте ауыр, денелерінің 80-90 пайызы күйіп қалған.

"24 мамырда цехтан құтқарылған жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды. Қазір науқастардың жағдайы негізгі ауру аясында аса ауыр. Барлық қажетті ем-шара толық көлемде жүргізіліп жатыр. Облыстық комбустиолог пен реаниматолог кеңесі алынған, емдеу хаттамаларға сәйкес үйлестіріліп жатыр. Науқастарға күнделікті консультациялар жүргізіледі. Денсаулық сақтау басқармасы науқастардың жағдайын жеке бақылауына алып, қажетті ем-домның толық әрі уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етіп жатыр", – деп мәлімдеді басқарма.

Фото: видео кадры

Байланысты жаналықтар

Алматы облысындағы оқушының өлімі: ІІМ оқиғаның мән-жайын айтты

28.05.2025

Енді қыз алып қашуға қатысты жауапкершілік күшейтілмек

28.05.2025

Ақтөбе облысындағы шахтада жарылыс болды: үш адам зардап шекті

28.05.2025

Алматының жаңа әкімі тұрғындарға үн қатты

27.05.2025

Президент Алматының жаңадан тағайындалған әкімін қабылдады

26.05.2025

Ақнәрдің жұмбақ өлімі: Марқұмның анасы қысым көрсетілгенін айтты

26.05.2025
MalimBlocks
Алматы облысындағы оқушының өлімі: ІІМ оқиғаның мән-жайын айтты

Енді қыз алып қашуға қатысты жауапкершілік күшейтілмек

Ақтөбе облысындағы шахтада жарылыс болды: үш адам зардап шекті

Алматының жаңа әкімі тұрғындарға үн қатты

Президент Алматының жаңадан тағайындалған әкімін қабылдады

Ақнәрдің жұмбақ өлімі: Марқұмның анасы қысым көрсетілгенін айтты