457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зайсанда ер адам өртенген үйден 4 баланы құтқарды

Ол сонымен қатар 68 жастағы әжені де қатерден арашалаған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында ер адам өртенген үйден 4 бала мен қарт әйелді аман алып шықты. Қызыл жалын Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылындағы жер үйден шыққан.

Оқиға орнына №25 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жеткенде дейін үй иелерінің көршісі Талғат Мүсірат көмекке ұмтылды. Ол терезе арқылы үйге кіріп, 68 жастағы әжені және 7, 5, 4 және 1 жастағы төрт баланы сыртқа алып шықты. Осылайша, 5 адамды өрттен құтқарып қалды.

Көп ұзамай өрт сөндірушілер 30 шаршы метр аумақтағы қызыл жалынды толықтай ауыздықтады. Зардап шеккен ешкім жоқ. Алдын ала дерек бойынша өрттің шығу себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтамау, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Фото: ШҚО ТЖД