25 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Астана қаласында күн жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты

Malim Админ

  • 25.11.2024

«Қазгидромет» еліміздің аймақтарында 25 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.


Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

— Республика бойынша, желдің күшейуі, түнгі және таңғы уақыттарда тұман күтіледі, — делінген хабарламада.

Астана қаласында күн жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты. Желдің екпіні секундына 2-7 метрге барады. Ауа температурасы күндіз -4°C дейін аяз болады. 

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Қалада ауа температурасы күндіз +9°C дейін жылынады. Таулы аудандарда тұман күтіледі. 

Шымкент қаласында аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) түседі. Ауа температурасы күндіз 14°C дейін жылынады. Қатты жел соғады деп болжанды. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Бұдан бөлек, алты облыста, атап айтқанда Жамбыл, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Қарағанды, Абай облыстарында қатты жел соғуы ықтимал.

Фото: pexels

Байланысты жаналықтар

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады

05.05.2025

1 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

30.04.2025

Демалыс күндері ауа райы 37 градусқа дейін жетеді

25.04.2025

Жаңбыр, қар және үсік: Қай өңірлерде ауа райы бұзылады

24.04.2025
MalimBlocks
"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады

1 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Демалыс күндері ауа райы 37 градусқа дейін жетеді

Жаңбыр, қар және үсік: Қай өңірлерде ауа райы бұзылады