457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

28 маусым – БАҚ қызметкерлері күні

28 маусым - күн сайын талмай ақпарат таратып, маңызды мәселелер көтеріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын және қоғамның дамуына зор үлес қосып жүрген жандардың еңбегін ерекше атап өтетін күн, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистика жай ғана кәсіп емес, қастерлі міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сіздерге жүктелген міндет кәсіби біліктілікті, объективтілікті, адалдық пен батылдықты қажет етеді. Қаншама қиындықтар мен сын-сынақтарға қарамастан, өз міндеттерін абыроймен атқарып, әділдік пен шындықтың жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан барша БАҚ өкілдері қашанда жоғары құрметке лайық.

Бүгінде Қазақстанда жалпы баспа басылымдары, телеарналар, радио және интернет-ресурстарды қосқанда 5 855  БАҚ тіркелген. Сіздердің жемісті жұмыстарыңыз еліміздің ақпараттық кеңістігін нығайтуға және ашық әрі әділ қоғам құруға ықпал етеді.

Фото: freepik.com