457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Іле өңірінде аспалы көпір үзіліп, 5 адам көз жұмды

Қытайдың Іле қазақ автономиялық облысына қарасты Моңғолкүре ауданында аспалы көпір үзіліп, 5 адам қаза болды. Бұл туралы The Paper ақпараттық порталы хабарлады.


Ақпарат құралының жазуынша, қайғылы оқиға 8 тамыз күні сағат 16 шамасында болған. Шаты туристік аймағының аумағындағы аспалы көпірдің қос арқанының бірі үзіліп, көпір беті бір бауырына қарай қисайып қалған. Салдарынан 29 адам көпірден өзен арнасына құлаған. 5 адам оқиға орнында қаза болып, 22 адам жеңіл жараланған, тағы 2 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 

Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, жаралы жандардың барлығы ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Іле облысы мен Моңғолкүре ауданының билігі шұғыл шара қолданып, оқиға орнына құтқарушылар мен медициналық қызметкерлерді тізгін ұшымен жіберген. Зардап шеккендерге көмек көрсетіліп, туристерге түсіндіру жұмыстары жүргізілген. 

Оқиғадан кейін Шаты туристік аймағы уақытша жабылды. Апаттың себебі анықталып жатыр. 
Ашық дереккөзден белгілі болғандай, Шаты туристік аймағы Іле қазақ автономиялық облысының Моңғолкүре ауданындағы Шаты қырғыз ұлттық ауылының аумағында. Жер ауданы 65 шаршы шақырым. Тяньшань тауын көктей өтетін ежелгі көш жолымен бүкіл Қытайға белгілі.

Фото: Xinhua News