"7 млн теңге". Полиция ақша бопсалаған блогерді ұстады

Арман Қайыпхан

  • 21.01.2025

Жетісу облысының Үштөбе қаласында полиция қызметкерлері жергілікті блогерді ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол қала тұрғындарына арналған үйлерді салумен айналысатын кәсіпкерден бұрын түсірілген сапасыз құрылыс туралы бейнероликті, әлеуметтік желідегі өз парақшасынан өшіру үшін және бұдан былай бейнематериалдарды жарияламауға әрі таратпауға уәде бере отырып, 10 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді.

Нәтижесінде, Жетісу облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен, күдіктіні талап етілген ақшалай қаражаттың бір бөлігі, яғни 7 млн теңгені алу кезінде қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлады полиция.

Аталған факт бойынша бопсалау бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

14.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

11.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025
MalimBlocks
Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Фариза Төреәлі күйеуімен қалай танысқанын еске алды

Блогер оның таза көңіліне ғашық болыпты.

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты