Абай Бегейдің қызы өзін дуалап кеткенін мәлімдеді

Әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Ниязқұлова өзін белгісіз біреу дуалап кеткенін айтып, бұл туралы әлеуметтік желіде бірнеше фото келтірді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ниязқұлованың айтуынша, 2025 жылғы 17 мамыр күні белгісіз дуа іздері табылған. Оның сөзінше, арнайы дайындалған дуа заттары залдан табылыпты.
«Қазір камераны қарап, түріңді шығарамын! Қорықпай қалай жасадың? Несібе Алладан! Құдайдың қазынасы көп, саған да, маған да жетеді, уайымдамай ниетіңді түзе... Алла – әділ!» — деп жазды.
Ол дуаның ішінде қызыл бұрыш, тұз, жазуы бар қағаз, кейінірек шаш пен иненің табылғанын көрсеткен.
«Арада аз уақыт өтіп, үйіскен, қалың, біраздан бері жиналып, ортасы түйілген шаш пен қағазға жазылған жазумен тебен ине табылды», — деді әншінің қызы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Гүлеркем Ниязқұлова мен оның күйеуі әлеуметтік желі арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырып, 162 миллион теңге тапқаны үшін күдікке ілінгені хабарланған болатын.
Фото: Instagram/niyazkulova_erke

Ең көп оқылған
