457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

БҚО-да кәмелетке толмаған 27 қыз жүкті болып қалған

Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған 27 қыз жүкті болып қалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ерте жүкті болғандардың дені 17 жаста екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Жастайынан ана атанбақшы болған қыздардың төртеуі ғана ауылдық жерде тұрады екен. Қалғаны қалада.

Өткен жылы өңірде 65 қыз баланың аяғы ауыр болған. Былтыр кәмелетке толмағандар 11 сәбиді дүниеге әкелген. Биыл тоғыз қыз босанды. Ал 2023 жылы осындай сегіз жағдай тіркелген.

Дәрігерлер қыз баланың ерте жүкті болуы оның денсаулығына зиян екенін айтып, дабыл қағып отыр.

"Жалпы ерте жүктілік деп 13-18 жаста болатын жүктілікті айтады. Жасөспірімдердің жүктілігі, көбінесе 14 пен 17 жас аралығында кездеседі. Ерте жүктілік екі есе қауіп төндіреді: бұл болашақ ананың денсаулығына орасан зиян келтіреді, бұл баланың өзіне де қауіпті", - дейді ведомство.

Ерте жүкті болған қыздардың төртеуі түсік тастапты. Етегі ерте ашылған қыздар кейде ата-анасынан қорқып, ақ халатты жандардың қабылдауында болмай, түсік тастаудың түрлі жолын іздеп жатады, дейді дәрігерлер.

Фото: pixabay.com

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00