457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Абай мен Ділдә неткен бөлме" деген журналист Әлия Әшім кешірім сұрады

Белгілі журналист, блогер Әлия Әшім ұлы ақын Абай Құнанбайұлына айтқан сөзіне қатысты кешірім сұрап, пост жазды, деп хабарлайды Malim.kz

Сіздер — әкем, аға-әпкелеріммен қатар қауым үшін “Абайды қорлаған қыз” деген “атақпен” қаламын деп еш ойламаппын. Фейсбукте сирек отырамын, бірақ кешелі-бері өзім сыйлайтын, бой түзейтін кей азаматтардың постын оқып жүрегім ауырып отырғаны... Осында тараған Қарқаралыдағы видеоның әбес болғанын мойындаймын. Оны ауылдағы әкем де ренжіп, ескертті. Сондықтан табалау емес, жанашырлықпен, орынды сын айтқан аға-әпкелерімнен кешірім сұраймын. Бір айтқым келетіні - "Абайды қорлау мақсатында”, “қаралым үшін”, “топтар қаржыландырады” деген кей пікірлермен келісе алмаймын. Шын мәнінде, біз — қазақтың мәдениетін, тарихын барынша насихаттауға тырысып жүрген командамыз, - деп жазды ол.

Оның айтуынша, АҚШ-қа оқуға кетпес бұрын қазақша контент, тарихи деректі фильмдер үшін біраз бизнес өкілдерінің есігін қағып, серіктестік ұсынған. 

Менің Абайды мазақ ету, қазақтың мәдениет, тарихын қорлау дейтін ниетім ешқашан болған емес. Керісінше, тарихи жадты қалпына келтіру, сананың деколонизациясы, өткенге жаңа рефлексия жасауға ниеттеніп, жастарға жобалар жасап келеміз. Әлі жасаймыз да. YouTube-те барлық жобаларымызбен таныса аласыздар. Ниетімді жеткізе алдым деп сенемін. Қолдауларыңыз, орынды сындарыңыз үшін рақмет, - деп қорытындылады өзін журналист.

Еске салсақ, ол тарихи сапарлардың бірінде ол Абай мен оның жары Ділдәнің тұрған үйін көрсете жүріп, видео барысында:

"Абай мен Ділдә неткен бөлме" – деп әзілдеп сөйлеген.

Бұл сәт әлеуметтік желіде тарап, бірқатар қолданушылардың наразылығын тудырған еді.

Фото: видеодан кадр