Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Арман Қайыпхан

  • 09.05.2025

Елімізде отбасылық ішкі туризмді дамытуға бағытталған Kids Go Free бағдарламасы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Яғни, аталған бағдарлама арқылы 2 мен 17 жас аралығындағы балалар ата-анасымен немесе жақын туыстарымен бірге ел ішінде саяхаттаған жағдайда, олардың билет шығындарын мемлекет өтеп береді. Бағдарламаға қатысудың басты шарты – турды лицензиясы бар туроператордан сатып алу.

Бағдарлама іске қосылғалы бері 5 500-ден астам бала еліміздің түрлі өңірлеріне тегін саяхаттады. Отандық туроператорлар жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеден асатын турлар сатқан.

Елімізде отбасылық саяхат үшін ең танымал бағыттар — Алакөл, Маңғыстау, Каспий жағалауы, Алматы және Алматы тау кластері, Түркістан, Астана мен Щучье-Бурабай курорттық өңірі.

Әр өңірде балалар мен ата-аналарға арналған түрлі нысандар мен демалыс орындары бар:

  • Маңғыстауда — Tetis Blue аквапаркі және Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы;
  • Алматыда — Көктөбе мен «Медеу» спорттық-туристік орталығы;
  • Астанада — «Бәйтерек» монументі және ҚР Ұлттық музейі;
  • Бурабайда — Абылай хан алаңы мен «Оқжетпес» табиғи нысаны.

Мұндай бағыттар отбасылық демалысты мазмұнды етуге, табиғат аясындағы демалыс пен танымдық туризмді тиімді қамтуға мүмкіндік береді.

Ішкі нарықта жұмыс істейтін және тиісті лицензиясы бар туроператорлар бағдарламаға ерікті түрде қатыса алады.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Оралда 9 жастағы баланы тоқ ұрды

01.05.2025

Кашмирде қауіпсіздікке байланысты туризм нысандары жабылды

29.04.2025

80 күйді жатқа білетін орыс бала көпті таңғалдырды

27.04.2025

Басы дауға қалған блогер Daricorn баланың отбасынан кешірім сұрады

27.04.2025
MalimBlocks
Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Оралда 9 жастағы баланы тоқ ұрды

Ол допты алу үшін электр станциясына шыққан

Кашмирде қауіпсіздікке байланысты туризм нысандары жабылды

80 күйді жатқа білетін орыс бала көпті таңғалдырды

Басы дауға қалған блогер Daricorn баланың отбасынан кешірім сұрады