Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

Сұлу Бөлек

  • 30.04.2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жасалатын алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

"Қазір өзін Антикор төрағасы ретінде ұсынып, әртүрлі мәселелерді шешу үшін оның атынан қоңырау шалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Мысалы, әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали ретінде өзін таныстыра отырып, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Жуалы ауданы мектептерінің бірінің директорына жеке мәселелерін заңсыз шешу мақсатында қоңырау шалған жағдай тіркелді", - делінген хабарламада. 

Қазір ол адам анықталды, оған қатысты заңда көзделген шаралар қабылданып жатыр.

Осыған байланысты, Facebook және Instagram, WhatsApp, Telegram және т.б.) мессенджерлерінде жалған аккаунттар жасайтындығын, сондай-ақ Агенттіктің басшылығы мен лауазымды тұлғалары аттарын жамыла отырып азаматтарды алдау және алаяқтық жолмен пайда табу үшін телефон қоңырауларын жасайтынын еске саламыз.

Мұндай алаяқтық қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауға шақырамыз.

Осындай қоңыраулар мен хабарламалар алған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.
Фото: Антикор

Байланысты жаналықтар

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

30.04.2025

Астана мен бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

29.04.2025

Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

29.04.2025

Орал сотының экс-төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

29.04.2025

Найзағай, бұршақ және дауыл: бірнеше өңірде ескерту жасалды

27.04.2025

Қазақстандықтарға от жағуға қатысты ескерту жасалды

27.04.2025
MalimBlocks