Алғашқы АЭС құрылысы қашан басталады?

Арман Қайыпхан

  • 26.02.2025

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда алғашқы атом электр станциясы қашан салынатыны туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Энергетика министрлігінде өткен брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берген Сәтқалиев болжамды мерзімді атады, яғни 2-3 жыл.

Халықаралық тәжірибеде жобалау мерзімі үш жылға дейін созылады. Жалпы құрылыс жұмыстары туралы айтар болсақ, онда екі жыл ішінде құрылысқа кірісетін шығармыз. Алайда негізгі нысанның құрылысы техникалық-экономикалық негіздеме аяқталған соң, жобалық құжаттаманы дайындағаннан, мемлекеттік органдардан барлық қажет рұқсатты алғаннан кейін ғана басталады", - деп түсіндірді Энергетика министрлігінің басшысы.

Айта кетейік, жуырда Қазақстанда бірінші атом электр станциясының орны ресми түрде бекітілді. Ал бұған дейін министрлік атом электр станцияларын салу технологияларын әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтағанын мәлімдеді.

"Росатом" мемлекеттік корпорациясы, KHNP (Корея), CNNC (Қытай) және EDF (Франция) компаниялары Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енді", - деп жазылған бұған дейінгі хабарламада.

Фото: depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Жаңа энергетика министрі тағайындалды

19.03.2025

Қазақстан АЭС салуға қаржыны қайдан алады?

04.03.2025

Үкімет АЭС салатын орынды бекітті

25.02.2025

АЭС құрылысы: шорт-листке 4 ірі компания кірді

31.01.2025

Қазақстанда үшінші АЭС салынуы мүмкін

29.01.2025

Қазақстанда АЭС салатын компаниялардың тізімі шықты

22.01.2025
MalimBlocks
Жаңа энергетика министрі тағайындалды

Ерлан Ақкенженов энергетика министрі болып тағайындалды

Қазақстан АЭС салуға қаржыны қайдан алады?

Үкімет АЭС салатын орынды бекітті

АЭС құрылысы: шорт-листке 4 ірі компания кірді

Қазақстанда үшінші АЭС салынуы мүмкін

Қазақстанда АЭС салатын компаниялардың тізімі шықты

АЭС салуға үміткер ретінде төрт компания тіркелді