"Күш-жігерімді саламын". Мусин жаңа қызметі үшін алғыс айтты

Қызметке тағайындалған Мусин компанияны қалай дамытанын айтып, жоспарын бөлісті

Арман Қайыпхан

  • 10.06.2024

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Қызметке тағайындалған Мусин компанияны қалай дамытанын айтып, жоспарын бөлісті.

Бүгін «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалдым. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. «Қазақтелеком» АҚ - негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз, - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.

Айта кетейік, соңғы бірнеше жылда – 2020 жылдан 2024 жылға дейін – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды.

Сонымен қатар жеке компанияларда, оның ішінде корпоративтік венчурлық қорлардың басшысы болды.

2014-2016 жылдар аралығында Бағдат Мусин «Қазпошта» компаниясын басқарды.

Еске салсақ, "Қазақтелеком" АҚ басқарған Қуаныш Есекеев президенттің кеңесшісі болып тағайындалған еді.

Фото: Бағдат Мусин/Facebook

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Еліміздегі кеден бекеттеріне «қызыл түйме» орнатылып жатыр

06.05.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

25.04.2025

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті

12.04.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Еліміздегі кеден бекеттеріне «қызыл түйме» орнатылып жатыр

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті, оның Біріккен күрес әлемі бюросындағы қызметі аяқталды