Қуаныш Есекеев президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорда мәлімедеді.
"Қазақтелеком" АҚ төрағасы болған Қуанышбек Есекеев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлімедеді.
Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Қуанышбек Есекеев бұған дейін біраз орында қызмет атқарған.
Атап айтақанда:
2019 жылдың 25 қаңтарында "Кселл" АҚ директорлар кеңесінде;
2022 жылғы 16 наурызда "Қазақтелеком" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Қуанышбек Есекеев басқарма төрағасы қызметіне сайланды;
2022 жылғы 24 мамыр – Қуанышбек Есекеев "Кселл" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан мерзімінен бұрын шығарылды;
"Қазақтелеком" басшысы 2022 жылғы 23 мамырда "Мобайл Телеком-Сервис" байқау кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Фото: tengrinews.kz